Ақмола облысы аумағында тіркелген діни бірлестіктердің мемлекеттік қайта тіркеуінің үрдісі жемісті аяқталды.
Осыған орай Ақмола облысы аумағындағы мемлекеттік қайта тіркеуге жататын 75 діни бірлестіктен, Заңмен белгіленген мерзімнің ішінде 50 діни бірлестіктер мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілді, Әділет департаментінде қайта тіркеуден өтпеген ДБ-ді мәжбүрлеп тарату бойынша 18 талап-арыз қанағаттандырылды, 7 католиктік приходтар қайта тіркеуден босатылды.
Әділет департаментімен ҚР «Діни бірлестіктер және діни қызмет туралы» Заңының негізгі ережелері, діни бірлестіктердің мемлекеттік қайта тіркеу мерзімі, сотта қаралған талап арыздардың қорытындылары және басқа да көптеген мәселелер түсіндірілді.