Оқиға, бір-бірімен соқтығысқан екі «Мерседес» көлігінің қатысуымен жексенбі, 24 маусым күні сағат 23:00-де «Астана-Петропавл» көлік жолының 225 шақырымында болды. Соқтығысу салдарынан екі көлік отқа оранды.
Жол-көлік апатында шетелдік көліктердің бірінің 29 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы (тұлғалары анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы ретінде келе жатқан тағы 3 адам ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.