КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының қаржы полициясының қызметкерлері Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің қызметкерін пара алу үстінде құрықтады, деп хабарлады облыстық ЭҚСЖҚД баспасөз қызметінен.
Ақмола облыстық ЭҚСЖҚД мен ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-алдын алу шаралары барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің Еңбекшілдер аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскери қызметшілерді келісімшарт және әскер қатарына шақыру бойынша бөлім басшысы әскерге шақырылушы азаматтан 350 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсті.
Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының 4 бөлімінің "а" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.