«Бүгінгі күнге дейін облыста 3726,6 мың гектар алқаптың егіні орылып, оның 3686,5 мың гектары бастырылды. Бұл - тиісінше барлық егіс алқабының 88,9 пайызы болып отыр. Облыс бойынша әр гектардан орта есеппен 10,4 центнерден астық жиналуда. Ал Сандықтау және Зеренді аудандарында бұл көрсеткіш 14 центнерге жетіп отыр. Орақ науқанының 97,5 және 98,3 пайызын еңсерген Жарқайың және Ақкөл аудандарының диқандары көш бастап келеді»,- деп көрсетілген хабарламада.
Айта кетейік, биылғы жылы облыс бойынша себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы көлемі 4547,9 мың гектарды құраса, оның 4147,5 мыңы дәнді және дәнді бұршақ дақылдарына тиесілі.