Ақмола облысында өткен жылы 5 779,4 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде өткен жылы 5 779,4 миллион теңгенің байланыс қызметі көрсетілген, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға артық.

Осы уақыт аралығында тұрғындар 3 959,5 миллион теңгенің байланыс қызметін пайдаланып, өсім бұрнағы жылға қарағанда 5,4 пайызға жеткен. Жыл ішінде пошта және курьерлік қызмет түрі 3,6 пайызға артып, 288,9 миллион теңгені құрап отыр. Байланыс қызметінің салалық құрылымы бойынша түскен табыстың 32,2 пайызы қалааралық, 25,7 пайызы жергілікті, 9,8 пайызы халықаралық телефон байланысына, 22,3 пайызы ғаламтор қарым-қатынасына тиесілі.