Айлық аясында аудан орталықтарының, қалалар мен ауылдардың тазалығына, абаттандыру мен көгалдандыру шараларына ерекше мән берілетін болады. Соған сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың жетекшілігімен жұмыс тобы жасақталып, іс-шаралар айқындалды. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік аудан орталығы», «Үздік ауылдық округ», «Үздік елдімекен», «Үздік тұрғын үй кооперативі», «Үздік үй» номинацияларына сәйкес жүлдегерлер анықталып, сый-құрметке бөленбек. Іс-шара екі кезеңнен тұрады: біріншіде аудандық, қалалық, екінші кезеңде облыстық жарыс жеңімпаздары анықталмақ.
12:18, 15 Қыркүйек 2010
Ақмола облысында «Санитарлық тазалық айлығы» жарияланды
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың өкімімен ағымдағы жылдың 15-ші қыркүйегі мен қазанның 15-і аралығында «Санитарлық тазалық айлығы» жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап