Шараға «Орталық» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Алтынбек Жүсіпов, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Гүлжан Нұрмағамбетова жəне сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары қатысты.
«...Әскери өмір қаншалықты қиын болғанымен, жарғымен белгіленген талаптарды орындау - парыз және қасиетті міндет. Сіздердің міндеттеріңіз - өздеріңізге жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау. Туған жерімізге тер төгіп, антқа адал болу», - деп атап өтті құттықтау сөзінде 6636 әскери бөлімінің командирі подполковник Бауыржан Барышев.
Еске сала кетейік, Державинск қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімінің 2-атқыштар батальоны 2011 жылы құрылған болатын. 2013 жылдан бастап, жас сарбаздармен толықтырыла бастады. Бұған дейін бір мерзімде тек қана 50-60 қабылданатын болса, биылғы жылдан бастап, сарбаздар саны ұлғайды. Әскери бөлімнің міндеті түзету мекемелерін күзету, бақылау және тұтқындардың мекемеге жеткізілуін қамтамасыз ету болып табылады.