Тұрғындардан тіркелмеген қаруларды сатып алу бойынша республикалық акцияның басталғанына алты күн өтті. Осы аралықта облыс бойынша 110 дана суық қару ішкі істер органдарына тапсырылған. Оның ішінде 10-ы - иір ойықты мылтық болса, 98-і - тегіс стволды, 2-уі - зақымды, сондай-ақ 2 граната мен 721 патрон бар.
Айта кетейік, полицейлер жүргізіліп жатқан шаралар өз еркімен суық қару және басқада жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға қосымша ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді дейді. Сондай-ақ, олардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.