КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлері облыс аумағында үш күн бойы жүргізілген «Мас жүргізуші» алдын алу шарасы барысында 55 мас жүргізушіні ұстады.
Оның 4-уі бірінші рет қолға түсіп отыр, деп хабарлады Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен.
«Мас жүргізуші» алдын алу шарасына барлығы 960-қа жуық ІІБ қызметкері тартылды. Оның ішінде 643-і жол-патрульдік полиция, 212-і учаскелік инспектор және 95-і өзге қызметте істейтіндер.
ІІД ӘПБ қызметкерлері аталған шараның негізгі мақсаты - облыс аумағында жол-көлік оқиғасын алдын алу және апат деңгейін тұрақтандыру болып табылады деп отыр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.