Аталған семинар қабылданған заңдардың тәжірибелік деңгейін жетілдіру, іске асыру мақсатында әсіресе отбасылық-тұрмыстық қарым қатынаста құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығару тәртібі, адамгершілік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын құқық бұзушыға қатысты ерекше талаптардың орнатылуы және кәмелетке толмағандардың бос уақыттарын шектеу бойынша мәселелерге қатысты ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, Астана қаласында ЕҚЫҰ орталығының шақыруымен семинарға Чехия Республикасының полиция өкілдері қатысты, кездесу барысында қазақстандық және чехиялық полиция қызметкерлерінің арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу, оны тәжірибеде қалай қолдану туралы өзара тәжірибе алмасу жүзеге асты. Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша мүдделі мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдардың Ішкі істер органдарымен байланысын дамыту алға қойылды.
Сонымен бірге, семинар аясында учаскелік полиция инспекторларының және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Кеңесте қоғамға, қылмыстың алдын алуға қауіп төндіретін алкоголдік мас күйінде қылмыс жасап бұрын сотталғандардың тәртіптеріне үлкен назар аударылды.