10:28, 17 Сәуір 2009
Ақмола облысында жаңа Академия бой түзейді
КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетауда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өз Академиясы бой түзейтін болады.
Жобалық құжаттарын әзірлеуге республикалық бюджеттен 7,7 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің бастығы Вадим Прангенің мәлімдеуінше, жаңа оқу орны еліміздің төтенше жағдайлар саласына қажетті білікті мамандар дайындайтын іргелі білім ошағы болмақ. Онда өртке қарсы күрес қызметі мамандарымен қатар азаматтық қорғаныс, әскери бөлімдер, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына қажетті кадрлар білім алатын болады. Академияға арнайы жер телімі белгіленіп, құжаттар дайындау ісі қолға алынған. Сонымен бірге Щучье курорты аймағында өскелең талапқа сай үш өртке қарсы депо салу шешімін табатын болады.