Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында қолға алынған «Аида» бизнес орталығының ашылу салтанатына Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасова қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Бизнес орталық Шортанды кентінің орталығында орналасқан. Аумағы 340 шаршы метр ғимаратта дәмхана, нотариат, сауда кеңсесі, сән салоны және мерекелерді ұйымдастыру тәрізді агенттік қарастырылған.
«Бизнес орталықтың ашылуы өңірде кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізетін болады. Сондай-ақ, ауданның инвестициялық тартымдылығын көрсетеді», деп атап өтті аудан әкімі құттықтау өз сөзінде.