КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар ауданы арқылы өтетін "Алматы-Екатеринбург" күре жолының бойында істен шыққан шағын автобустағы қырғыз азаматтары қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
ТЖД мәліметі бойынша қаңтардың 11-і күні "Алматы-Екатеринбург" күре жолының 986 шақырымында жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус істен шыққан. Құтқару жұмыстарына "Жолаушылар тасымалы" МКК-ның жеке құрамынан 2 адам және 1 техника тартылды. 18 жолаушы Атбасар қаласындағы қонақүйге жайғастырылды.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.