КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жоспарланған 1,5 жылдық шөп қоры толық жиналып болды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының диспетчерлік бөлімі хабарлады.
«Биыл өңірде 1600,6 мың тонна, яғни бір жарым жылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 1606,1 мың тонна шөп дайындалып, маяланды.
Бұл - қолда бар мал үшін қажетті бір жарым жылдық жем-шөп қорының 100,3 пайызы. Осылайша, облыс науқанды мерзімінде толық аяқтап отыр», деп көрсетілген хабарламада.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.