бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 44 нәрестеге кем, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінің деректеріне сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында 1515 адам өмірден озған, ол өткен жылға қарағанда 25-ке көп. Бүгінде өңірде 738 мың 804 адам тұрып жатса, олардың 54,8 пайызы ауылдық жерлерде тұрақтаған. Жыл ішінде 748 жаңа шаңырақ құрылып, 311-і ажырасып тынған, өткен жылы сәйкесінше 694 пен 296-ға тең болды.