13:17, 07 Қаңтар 2009
Ақмола облысында жылдың алғашқы аптасында 10 өрт оқиғасы тіркелді
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылдың алғашқы аптасында 10 өрт оқиғасы тіркеліп,
тілсіз жау бір адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық өртке қарсы қызмет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жылдың алғашқы күндеріндегі төтенше жағдайлардың дені жекеменшік үйлерде болғандығы тіркеліп отыр. Оқыс оқиғалар көбінесе қыс уақытында пешті пайдалану ережесін сақтамаудан болған. Осындай келеңсіз жайт Көкшетау қаласының шет жағындағы үйде болған, мұнда өрт май шам жағып, ұйықтап кеткен үй иесінің кінәсінен орын алған. Ол мерт болды. Сондай-ақ өрт шығу оқиғалары Астрахан, Зеренді, Еңбекшілдер, Шортанды аудандарында тіркелді. Тілсіз жаудан келтірілген материалдық шығындар анықталуда.