Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Аршалы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі осында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген аршалылықтардың арасында Евгения Заяц есімді әйел де болды. Ол аймақ басшысына төсекке таңылған күйеуінің мүгедектерге арналған арбасының болмауынан біраз қиындық көріп отырғанын айтып шағымданған. Ал мүгедек жан оған халықты әлеуметтік қорғау желісі бойынша келер жылы ғана қол жеткізе алатын көрінеді. Сол себепті, аймақ басшысы мұның өмірлік маңызы зор екенін ескере келе, Евгенияның күйеуіне өзінің жеке демеушілік көмегі ретінде қалтасынан 60 мың теңге алып берді. Сонымен қатар ол облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжановаға осы мәселені жауапкершілікке алып, тез арада шешу жөнінде нақты тапсырма берді. Осы күні облыс әкімі өзінің жеке қабылдауына әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері бойынша келген өзге де аршалылықтардың сауалдарына құлақ түріп, тұщымды жауаптар қайтарды.
00:18, 14 Желтоқсан 2015
Ақмола облысының әкімі аршалылық мүгедек жан үшін өз қалтасынан 60 мың теңге алып берді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аршалы ауданына жұмыс сапарымен барған Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің жеке қабылдауына келген әйелдің мүгедек күйеуіне арба сатып алуы үшін демеушілік көмек көрсетті.