Оның айтуынша, табиғи апаттың құрбаны болғандарға алғашқылардың бірі болып, қайрымдылық көмек жіберген аталған өңірдің шаруашылықтары мен кәсіпорындардың және бизнес құрылымдарымен қатар, көрші облыстардың атымтай жомарттығы су тасқынынан келтірілген материалдық-моралдық шығынның орнын толтырмаса да, атбасарлықтарға демеу болды.
«Қиын сәтте, атбасарлықтарға қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсеткен Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының әкімдеріне, сондай-ақ, теріскей өңірдің және жергілікті кәсіпорындар мен бизнес құрылымдарының басшыларына шынайы ризашылығымды білдіремін» , - деді өз сөзінде Қ.Айтмұхаметов.
Еске сала кетсек, апаттан зардап шеккен атбасарлықтарға азық-түлік керуені өңір шаруашылықтарымен қатар көрші облыстардан да арнайы керуенмен жеткізілгенін хабарлаған едік. Осы орайда, қайырымдылық шарасына белсенділік танытқан Солтүстік Қазақстан облысынан жалпы құны 17 миллион теңгенің, Павлодар облысынан 8 миллион теңгенің және Қостанай облысынан 6 миллион теңгенің азық-түлігі мен құрылыс материалдары, киім-кешектер және басқа да қажетті тұрмыстық заттар әкелінді.