өңірде коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі жайында әңгімелеп, туындаған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңір басшысының айтуынша, соңғы жылдары саланың материалдық жағдайы күрт төмендеп, кадр тұрақсыздығы орын алған. Ол көрсетілер қызмет сапасына кері әсерін тигізіп отыр. «Көкшетау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өткен жылғы несиелік қарызы 407,8 миллион теңгеге жеткен. Бұрынғы тарифке сәйкес кәсіпорында орташа айлық табыс 20 мың теңге деңгейінде болса, тарифтерді өсіргеннен кейін ол елу мың теңгеге жетпек. Ағымдағы жылы жылу шығынын азайту, есептеу жабдықтарын орнату мақсатына 35,2 миллион теңге ескерілген. Ал «Көкшетау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының несиелік берешегі 150 миллион теңгеге жетіп отыр. Алдағы екі жылда апаттың алдын алу мақсатында су жүйесінде алмастыру және шығынды азайты шаралары жалғастырылады. Үнемшілдік пен тиімділікке қол жеткізу бірінші кезектегі міндеттер ретінде қаралып отырғандықтан саланы тығырықтан шығару іске асырылмақ.
Өз кезегінде баспасөз өкілдері коммуналдық тарифтің өсуі мен көрсетілер қызмет арасындағы алшақтық, шаһардың әр тұсындағы жылу және сумен қамтудың алшақтығы, өлшеу жабдықтарын орнатудағы жүйесіздік, тұрғын үй коперативтерінің жұмысындағы олқылықтар мен оған жауапкершіліктің жоқтығы турасында қойған сауалдарына жауап алды.