Ақмола облысының командасы СҚО әкімінің кубогы жолындағы КТК халықаралық фестивалында жеңімпаз атанды

ПЕТРОПАВЛ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Жұма күні Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы жолындағы КТК халықаралық фестивалы болып өтті.

Н.Погодин атындағы облыстық драма театрының сахнасында Қазақстан мен Ресейдің: Астана, Көкшетау, Қарағанды, Омбы, Қорған, Уфа, Пермь қалаларынан келген командалар және Петропавлдың өзінен үш команда өнер көрсетті.

Қазылар шешімімен фестивальдің гран-приі - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы - Ақмола облысының «Көкшетау» командасына берілді. Түрлі аталымдар бойынша Астананың, Уфаның, Петропавлдың және Пермьнің командалары марапатталды. Ал «Үздік актер» аталымында Омбы командасының ойыншысы марапатқа ие болды.