Ақмола облысының тұрғыны құны жарты миллион теңгені құрайтын арпа тұқымын ұрлады

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Сандықтаулық тәртіп сақшылары ізін суытпай құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын 8 тонна арпа тұқымын ұрлаған Шаңтөбе ауылының тұрғынын ұстады,

деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Сандықтау ауданындағы ЖШС аумағынан бәзбіреулер 8 тонна 200 келі көлемінде арпа тұқымын қолды еткен. Келтіріліген залал көлемі 467 400 теңгені құрады. Тәртіп сақшылары жедел алдын алу шараларының барысында аталмыш кәсіпорында жұмыс істейтін 28 жастағы ер адамды қолға түсірді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 175 бабының 1-ші тармағы «Өзгенің мүлкін ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалуы ықтимал.