Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметовтің қатысуымен өткен ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Қадырхан Отаров мәлім етті.
Өкінішке орай көпшілік ең бастысы жерді бөліп алып, рәсімдеуге баса назар аударып, оның жай-күйін, өнімділігін, сапалық сипаттамасын кейінге қалдыратынына қынжылыс білдірген ол: «Мәселен, 2011 жылы 8 облыстың аумағындағы шамамен 13 млн. гектар жерге жүргізілген мониторинг Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында 2004-2005 жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда қарашіріктің 4-тен 15 пайызға дейін, жиынтық азоттың 4-тен 17 пайызға дейін төмендегені байқалды»,- деді.
Оның атап өтуінше, бүгінде егістіктердің теріс өңделу белгілері үлесі 67 пайызды, ал суармалы егістіктерде бұл көрсеткіш 56 пайызды құрайды.