КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында өткен есептік кездесуінде аймақ басшысы Мәлік Мырзалин атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймақ басшысының айтуынша, өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шағын несие беру көлемі 4 миллиард теңгеге ұлғайды. Оның 1 миллиард теңгеден астамы Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде. Жеңілдетілген несие 800-ден астам адамға берілсе, оның көпшілігі ауыл тұрғындары.
«Қолдау нәтижесі ретінде 3,5 мың адам кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігін алды. Салық түсімі 6 пайызға артты», - деп атап өтті М.Мырзалин.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.