Ақмолалық кикбоксшылар бүкілресейлік ашық турнирде 7 медалға қол жеткізді (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық кикбоксшылар Омбы қаласында өткен «А» классы бойынша «Ермак кубогы» 13-ші бүкілресейлік ашық турнирде 7 медалға қол жеткізді, оның екеуі алтын.

Осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отырған жауынгер-интернационалистер және арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің құрметіне арналған турнирге Ресейдің 15 өңірі және Қазақстаннан барған барлығы 400 жуық спортшы қатысып, бақ сынады. Оның ішінде Ақмола облысынан жаттықтырушы Хигай Добин бастап барған 7 спортшы табысты өнер көрсетті. Жерлестеріміздің арасында 48 келі салмақ бойынша сынға түскен 21 жастағы Айназ Жайықбаева пен 71 келі салмақта күш сынасқан атбасарлық Мадияр Әбдрахманов алтын медаль иеленді. Сонымен қатар ақмолалық спортшылар 3 күміс пен 2 қол медалға қол жеткізді. «Турнирге қатысқан спортшылардың деңгейі өте жоғары болғандықтан, жарыс өте тартысты өтті», - дейді Хигай Добин.