Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
«Борышкер» жедел алдын алу шарасының бір күнінде тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұл салынған 1237 азаматты мекен-жайы бойынша тексерді.
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға 24 ұйғарым жіберілді. Облыс бюджетіне айыппұлдың 6 млн. теңгеден астамы өндірілді. Айыппұл тұрағына 12 көлік қойылды.
Аталған шара жалғасып жатыр.