деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мерекелік шара аясында облыс орталығының бас көшесі бойында мың метрлік қашықтықта, тапаншаны шапшаң бұзып-жинауда, алғашқы медициналық қызмет көрсетуде, кәсіби шеберлік бойынша, арнайы киіммен жүгіруде күш сынасты. Бұл жолы кубок пен арнайы марапаттау қағазы бірінші орыннан көрінген «Динамо» қоғамына, екінші жүлде қалалық ішкі істер басқармасы командасына, үшінші жүлде мамандандырылған күзет құрамына берілді. Жекелей жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары тапсырылды.
12:24, 23 Маусым 2009
Ақмолалық полицейлер спорттық сайыста бақ сынасты
КӨКШЕТАУ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Қазақстан полицейлері күні қарсаңында Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының бір топ қызметкерлері спорттық сайысқа қатысып, бақтарын сынады,