Ақмолалықтар 22 миллионнан астам теңгеге vip-номерін сатып алған

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының көлік иелері 22 миллионнан астам теңгеге жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сатып алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД мәліметі бойынша, 2016 жылы ақмолалықтар 22 миллионнан астам теңгеге жоғары сұранысқа ие 66 жұп мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сатып алған. Оның ішінде 8 дана 111 нөмірлері, 7 дана 001 және 333 нөмірлері, 6 дана 777 нөмірлері және 5 дана 888 санды нөмірлер сатылған. Ал, 007, 900, 666 және 555 нөмірлеріне сұраныс сәл аз болып отыр. Бұл нөмірлер тек бір данадан ғана сатылған.

Еске сала кетейік, 2014 жылы бекітілген мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің тарификациясына сай қазіргі кезде 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлерінің құны 253 мың теңгеге бағаланса, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері 422 теңгеге бағаланып отыр.