Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, сыйлықтарды су тасқынында мүшесі қаза болған отбасылар, көп балалалы аналар және мүмкіндіктері шектеулі жандар алды.
Мамырдың 31-індегі жағдай бойынша, Қызылағаш ауылында 139 үйдің құрылысы аяқталды, тағы 318 үйдің қабырғасы тұрғызылып, олардың 215-інің шатыры жабылды. Мәдениет үйі, әкімдік, орта мектеп, аудандық ішкі істер бөлімінің тірек пункті, балабақшаға берілген бұрынғы мектеп-интернат ғимараттарында жөндеу, сейсмотұрақтылықты нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Ақсу ауданының су тасқынынан зардап шеккен басқа елді мекендерінде де қалпына келтіру-құрылыс жұмыстары жалғасуда. Маусым айының басында тағы 200 жаңа үй пайдалануға берілмек.