Мәселен, Астанада 18 ақпан күні түнде ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендейді, ақпанның 19-22 аралығында температураның төмендеуі жалғасып, -28-33-ті көрсетеді.
Ақпанның 18 күні түнде Ақмола мен Павлодар облыстарында -20-25, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарында -25-30, Қостанай облысында -28-33 градус аяз болады. Аталған аймақтарда температура Цельсий бағамымен одан әрі төмендеп, -30-35-ке жетеді деп күтілуде.