«Мемлекеттік билік органдарының қарамағындағы ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыру үшін құқықтық базаның күшін өлшейтін ақпаратқа құқықтың жаһандық рейтингінде (The Right to Information Rating) Қазақстан 2022 жылы мүмкін болатын 150-ден 60 балға бағаланды», - деп жазылған есепте.
Сондай-ақ құжатта кейінгі 6 жылдағы көрсеткіш берілген. 2017 жылы еліміз бұл рейтингіде 57 балл алса, 2017-2021 жылдар аралығында бірыңғай 61 балл алып отырған. Ал былтыр бір балы кеміп – 60 болған.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы жайттарды ескеріп, Қазақстан заңманасын мына бағыттарда жетілдіруді ұсынады:
- мемлекеттік органдардың ақпаратты ашып көрсетпеуге қатысты проблеманы шешетін тәуелсіз қадағалау органы мен санкциялар жүйесін құру;
- халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ақпаратқа қол жеткізу құқығынан ерекшеліктер тізбесін белгілеу. Мысалы, ұлттық қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, заңды коммерциялық мүдделер және т.б.;
- қоғамдық мүдденің міндетті басымдығын белгілеу;
- лауазымды адамдарға арналған оқыту бағдарламаларын енгізу және т.б.