ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Келешекте Ақсай қаласында бас жоспарға сәйкес 75 мың адам тұрмақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Болат Шәкімовтің айтуынша, Қарашығанақ кенішінің игерілуіне байланысты қала жыл сайын қарқынды дамып келеді. Осыған орай облыс басшылығының қолдауымен қаланың әлеуметтік дамуына «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясынан 10 млн. АҚШ доллары бөлініп отыр. Қазіргі кезде 10-ықшамауданда 900 орындық мектеп аталмыш компания есебінен салынуда. Басқа да маңызды құрылыстар қолға алынатын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).