Ақсай қаласында тағы бір жасырын ойынхана әшкереленді

ОРАЛ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Ақсай қаласында тағы бір жасырын ойынхананы әшкереледі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, бұдан бұрын 9 сәуірде жиырма жасар Ақсай қаласы азаматының ойынханасы жойылған болатын.

Үш күннен кейін «Орал» азық-түлік дүкені ғимаратының бірінші қабатында 28 жасар әйелдің үш ойын автоматын құмар ойынға «құлап түсетін» азаматтарға ұсынып келгені анықталды.

Енді жасырын ойынхана ұйымдастырған аталған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.