ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Ақсай қаласындағы «Ақжол» кафесі жанында атыс оқиғасы орын алды.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осы оқиғаға қатысы бар Ақсай қаласының 1988 жылғы және Бөрлі ауданының 21 жасар тұрғынын ұстау бағытында шаралар қолға алынды. Олар атыс қаруын қолдана отырып, бұзақылық ниетпен алты адамды жаралаған. Бұлардың бесеуі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).