АҚШ Эрмитаждан ұрланған медальонды Ресейге қайтарды

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - АҚШ ресейлік соңғы император отбасының жәдігерліктері болып табылатын күміс медальонды Ресейге қайтарды,

деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, медальон Эрмитаждан ұрланған болатын. Оның тапсыру рәсімі Спас-хаустағы американдық дипөкілдік басшысының резиденциясында өтті.

Ұлы Петр бейнелеген медальон АҚШ-тағы интернет-аукционнан табылған, оны қауіпсіздік қызметінің өкілдері ұстаған. Сараптама оның шынайылығын қуаттады. Елшінің айтуынша, бұл шытырман оқиға екі елдің ойдағыдай ынтымақтастығының тамаша үлгісі.