Осыған орай бүгін ол Мемлекеттік басқару академиясында кездесу өткізді.
Л.Кишковский атап көрсеткендей, Қазақстанның елордасы - Астана қаласында оның әпкесі тұрған. «II Дүниежүзілік соғыс кезінде біз босқындар қатарына қосылдық. Сол кезде біздің бүкіл отбасымыз Еуропаға көшіп кетті. Әкемнің туған жалғыз әпкесі ғана Шығыста қалып, осыдан біраз жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударды. Оның қайтқанына 15 жылдай болып қалды. Дегенмен, мен Астанаға келген кезде, Омбыда тұратын оның қызы да осында келеді. Біз екеуіміз әпкемнің зиратына барып, зиярат жасаймыз. Сондықтан мен Астананы аса ыстық әрі өз үйім ретінде қабылдаймын», - дейді Л.Кишковский.
Өз сөзінде ол Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезіне шақырғаны үшін мың алғысын білдіріп, ол үшін бұл үлкен құрмет екендігін жеткізді.