Бұл туралы журналистерге арналған брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Билл Бертон мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Оның айтуынша, ішіне тышқан, тасбақа және құрт салынған биокапсуласы бар «Кавешгяр-3» («Зертеуші-3») зымыранының ғарышқа ұшырылғаны туралы Иран тарапының ақпаратынан Ақ үй хабардар. «Олардың шындыққа сәйкес екенін тексеру үшін, біз ол хабарды әлі тексеріп жатырмыз», дейді Бертон. Оның айтуынша, «мұндай ұшыру сапарлары, сөзсіз арандатушылық әрекет болып табылады».
Иранның орбитаға ғарыштық спутниктерді шығаруға арналған «Кавешгар-3» зымыранын сынақтан өткізгенін ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.