АҚШ қарулы күштері орталық қолбасшылығының өкілінің хабарлауынша, бұл мақсатта әзірге Куәйттегі база уақытша пайдаланылмақ. Әскери жүктерді тасымалдау үшін Манас базасы нақты жағдайға байланысты пайдаланылатын болады, деп хабарлайды «Азаттық» радиостансасы.
Осының алдында АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Филипп Кроули, Бішкектің Вашингтонға базаны жабу туралы мәселе қойып отырмағанын мәлім еткен еді. «Біздің қолымызда Қырғызстан үкіметімен жасалған қолданыстағы келісім бар және ол өз күшінде қалады», - деді Ф.Кроули өз мәлімдемесінде.
Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы Роза Отынбаева ханым да, ел аумағындағы АҚШ әскери базасының жұмысына қатысты келісімді өзгерту жоспары жоқ екенін қуаттады. «Уақытша үкімет Манастағы базаның жабылуын талап етуді жоспарлап отырған жоқ. Біз өзіміз қол қойған келісімдер мен міндеттемелерді орындайтын боламыз», деп атап көрсетті Р.Отынбаева.