Федералдық тергеу бюросы (ФБР) компьютерлік бағдарламаның көмегімен «№1 лаңкестің» қазіргі фотосуретін жасап отыр. Американдық арнайы қызметтердің қарауында бұған дейін бен Ладеннің 1998 жылы жасалған ескі суреті болып келген, деп хабарлайды Associated Press.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында бен Ладеннен басқа, іздеуде жүрген барлық халықаралық лаңкестер туралы ақпараттар, олардың фотосуреттері және оларды ұстау үшін жарияланған сыйақы сомалары жарияланған.
АҚШ бен Ладенді ұстағанға 25 миллион доллар төлеуге дайын. Бірақ та 2001 жылдан бері оның қайда жүргені белгісіз.