Кеше, бейсенбі күні гаитилік өкімет оларға балалар ұрлады және қылмыстық ымыраласты деген айыптар тақты. Си-Эн-Эн және Эй-Би-Си телекомпанияларының хабарлауынша, Айдахо штатынан келген миссионерлерді жергілікті заң бойынша 15 жыл түрме күтіп тұр. Қылмыстық ымыра үшін 9 жыл жаза қарастырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сот үш айға дейін созылуы мүмкін. Американдықтардың айтуынша, олар ата-анасыз қалған балаларды әкетіп бара жатқан. Бірақ та, бұл әңгімелерін растайтын қолдарында құжаттары болмаған. Топқа ілескен аудармашылар, миссионерлердің балалардың ата-аналарымен әңгімелеріне қатысқандарын айтуда. Кейбір ата-аналар кейіннен, олар өз балаларын американдықтарға қуана бергендерін, себебі олар балаларына жақсы жағдай жасауға, қалаған кездерінде балаларды ата-аналарымен көрістіруге уәде бергендерін айтқан.