Тараптар халықаралық күн тәртібі мен екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерін, оның ішінде кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылады.
М. Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолға қойған Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесін одан әрі демократизациялауға бағытталған реформалар жөнінде хабардар етті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы, өз тарапынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар жоспарын АҚШ табанды қолдайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ арасында дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық пен олардың кестесі және С5 1 диалог платформасының жуырда өтетін онлайн-отырысы қарастырылды.