АҚШ соты мигранттарды жедел депортациялау саясатын тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ әкімшілігі мигранттарды жедел тәртіппен депортацияламақ болды. Осыған дейін депортацияның жеделдетілген процедурасы тек шекарада ұсталған мигранттарға қатысты қоданылып келген, деп хабарлайды BILD.
Басылымның хабарлауынша, қаңтарда АҚШ үкіметі бұл процедураны бүкіл ел көлемінде жүзеге асырылатын етіп, оны өзінің Құрамат Штаттарда кеміне екі жылдан аса жүргенін дәлелдей алмаған барлық шетелдіктерге қолданбақ болды.
Алайда бұл жоспардың жүзеге асуына Вашингтондағы аппеляциялық сот кедергі болды. Сот жеделдетілген депортацияны тоқтату жөніндегі шешімді күшінде қалдырды.
Хабарламада АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің жоспары осы мәселеге қатысы бар азаматтардың құқығын бұзатыны айтылған.
Үкімет сот шешімін аппеляцияға берді. Оны 9 желтоқсанға дейін қарау керек.
Осыған дейін АҚШ-тың Шарлотт қаласында заңсыз мигранттарға қарсы рейд басталғаны туралы жаздық.