Айта кетейік, бұдан бұрын Арнайы қызметтің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден жария еткен құжаттарға қарағанда америкалық Ұлттық қауіпсіздік агенттігі күн сайын әлем бойынша 5 млрд. телефон қоңырауларына тыңшылық жасаған.
Судьяның мәлімдемесіне қарағанда, осы мәліметтерді үкімет қандай да бір бөлек мақсаттарға пайдаланғаны туралы дәлел жоқ.
Осы арқылы сот америкалық азаматтық еркіндікті қорғау одағының талап-арызын қабылдамады. Судьяның айтуынша, аталған агенттіктің тыңшылық бағдарламасы «әл-Каида» желілері бойынша жауапты соққы беруге негізделген.