АҚШ-та 50 миллионға жуық адам жаңа тұмауды жұқтырып отыр

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Құрама Штаттарда ағымдағы жылдың сәуір айынан бері 50 миллионға жуық адам, яғни әрбір алтыншы американдық жаңа тұмаумен ауырған.

Бұл   туралы  «Азаттық»  радиосы  хабарлайды.

АҚШ-тың  Ауруларды бақылау  және   олардың алдын  алу  жөніндегі  орталығының   директоры  Томас  Фрайденнің   хабарлауынша,      H1N1  вирусын  жұқтырған  10 мыңға жуық   адам  қайтыс   болған.