АҚШ-та 6,0 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - АҚШ жағалауында күші Рихтер бағамы бойынша 6,0 балдық қуатты жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жерасты дүмпулері Фортуна қаласының оңтүстік-батысына қарай 68 шақырымдай жерде және Калифорния штатының әкімшілік орталығы Сакраменто қаласының солтүстік-батысына қарай 363 шақырымдай жерде, 11,2 шақырым тереңдікте орын алған. Қираулар мен құрбан болғандар, сондай-ақ жер сілкінісімен байланысты цунами қаупі туралы мәліметтер түскен жоқ, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.