АҚШ-та әлемдегі ең дәлме-дәл уақытты көрсететін сағат жасалды

АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Ұлттық стандарттар мен технологиялар институтының (АҚШ) физиктері құрастырған оптикалық атом сағаты 3,7 миллиард жылда бір-ақ секундқа қателесетін болып шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі американдық жиілік және уақыт эталоны -NIST-F1 цезий сағаттары - «небәрі» 100 миллион жылда бір секундқа қателеседі. Сипаттамалардың мұншалықты айтарлықтай жетілуі - жаңа материалдардың пайдаланылу нәтижесінде мүмкін болды.