АҚШ-та Анна Курникованың анасы қамауға алынды

АҚШ-та Анна Курникованың анасы қамауға алынды

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Американдық бұқаралық ақпарат құралдары Палм-Бичте танымал теннисші Анна Курникованың анасы Алла Курникованың қамауға алынғанын мәлім етті. ҚазАқпарат бұл туралы ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның бес жасар баласы Аллан (Анна Курникованың бір анадан туған бауыры) үйдің екінші қабаттағы терезесінен секіріп кеткеннен кейін, полиция Алла Курникованы балаға салғырт қарағаны үшін қамауға алып отыр.

Дерек көздердің хабарлауынша, Алла Курникова баласын үйде жалғыз қалдырып кеткен. 5 жасар Аллан жергілікті ауруханалардың біріне жеткізілді. Оның денесінің біраз жері жарақаттанған.