АҚШ-та азық-түлік өндіретін 16 компания өнімдеріндегі тұздың мөлшерін 20 пайызға төмендетпек

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-та азық-түлік өндіретін 16 компания тауарларының құрамындағы тұздың мөлшерін 20 пайызға төмендетпек. Бұл туралы Нью-Йорк мэрі Майкл Блумберг дүйсенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Тұздың шамадан тыс мөлшері қан қысымының жоғарылауына себеп болуы және жүрек талмасына әкелуі әбден мүмкін», - деп мәлім етті қала басшысы мегаполис мэриясында болған баспасөз мәслихатында.

Тұтынушылардың денсаулығы үшін күресуге ниетті компаниялардың қатарында "Хайнц" /Heinz/, "Крафт фудс" /Kraft Foods/, "Старбакс" /Starbucks/ сияқты алпауыттар және "Сабвей" /Subway/ дәмханалар желісі бар.