деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Жануардың түзге қашуына не себепші болғаны белгісіз, бірақ тал түсте жүргізушілер жылқының тас жолмен танауын желге төсеп шауып бара жатқанының куәсі болды. Есесіне бірнеше шақырымдық кептеліс туындады.
Қоғамдық тәртіпті бұзушыға бірден құрық салудың сәті түсе қойған жоқ. Полицейлер оны қуалап әуреге түсті, әбден сілелеген жануарды үлкен фургонға қамап ұстап, циркке жеткізді.