АҚШ-та елдің екі қарт тұрғыны қайтыс болды

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-та елдің екі қарт тұрғыны қайтыс болды. Вэстморелэнд қаласындағы қарттар үйінде Мэри Джозефин Рэй 114 жасында көз жұмды. Туыстарының айтуынша, бұл кейуана өлер шағында да өмірге құштар болған, өзінің туған күнін атап өтуге әзірленген,

деп хабарлады Associated Press.

Одан бірнеше сағат өткеннен кейін Детройт қаласының тұрғыны Дэйси Бэйлидің 113 жасында дүние салғаны белгілі болды. Оны соңғы кездері кәрілік жеңе бастаған. Күйеуі 1967 жылы дүниеден өткен оның соңында екі ұлы, сегіз немересі, 13 шөбересі және бес шөпшегі қалған.