АҚШ-та хакер 20 жылға сотталды

АСТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат - АҚШ соты Интернет арқылы миллиондаған американдықтың несие карточкалары туралы мәліметтерді ұрлаған хакерді 20 жыл түрмеге кесті,

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

28 жастағы Альберт Гонсалес, былтыр ірі американдық компаниялардың компьютерлік желісін бұзып кіргені үшін айыпталған болатын. Гонсалес бастаған хакерлер тобы келтірген шығын 200 миллион долларға бағалануда. Тергеушілердің пайымдауынша, бұл топтың құрамына ресейлік және украиналық күдіктілер де кіреді.